ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы беделді турнирде шиеленісті матч өткізді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева даниялық Клара Таусонмен жұптасып, Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің алғашқы кездесуінде айқын жеңіске жетті. 

Қазақстанның екінші ракеткасы АҚШ-тағы беделді турнирде шиеленісті матч өткізді
kswiss.co.uk

Бірінші айналымда Путинцева мен Таусон жапониялық Макото Ниномия мен испаниялық Сара Соррибес-Тормоға қарсы ойнап, үш сетте жеңіске жетті: 6:0, 4:6, 10:5

Осылайша Путинцева мен Таусон енді турнирдің келесі кезеңінде жартылай финалға шығу үшін таласады.

Турнирдің жүлде қоры және маңыздылығы

2025 жылғы Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры – 8 963 700 доллар.

Жұптық жарыстағы чемпиондар 457 150 доллардан және 1000 рейтингтік ұпайдан алады.

Қазіргі титул иегерлері – тайваньдық Се Шувэй мен бельгиялық Элизе Мертенс.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.