Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Теннисшілердің арманы орындалды! Ана боламын дейтіндерге қомақты қаржы берілетін болды

Редактор Penalty.kz
07.03.2025, 16:59

Жуырда Әйелдер теннис қауымдастығы жүкті спортшыларды қолдайтын бағдарламаны іске қосты. 

rbc.ua
rbc.ua

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жүкті спортшыларды қолдайтын "PIF WTA Maternity Fund" атты жаңа бағдарламаның іске қосылғанын жариялады. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады. 

Бұл бастаманы бірнеше жыл бойы әлемнің жетекші теннисшілері көтеріп келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл әйелдер спортында алғаш рет тәуелсіз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған спортшыларға арналған жүктілік пен босануға байланысты кешенді жәрдемақы жүйесі.

"WTA ойыншылары алғаш рет 12 айға дейін төленетін декреттік демалыс алады. Сондай-ақ, бедеулікті емдеуге арналған гранттарға және басқа да жеңілдіктерге қол жеткізе алады. PIF WTA Maternity Fund бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 320-дан астам теннисшіге көмек көрсетпек", — делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Алайда, жәрдемақы мөлшері әзірге нақтыланбаған. Бұған дейін теннисшілер жүктілік кезінде барлық шығындарды өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болған әрі жарыстарға қатыса алмай, табыссыз қалған еді.

Теннис пен отбасы

Әлемнің ең атақты теннисшілері де отбасы мен мансап арасында таңдау жасауға мәжбүр болған. Мысалы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Серена Уильямс 2017 жылы жүктілікке байланысты мансабын уақытша тоқтатып, босанғаннан кейін жарты жылдан соң кортқа қайта оралды. Ең қызығы, ол Australian Open турнирін жүкті күйінде жеңіп алған.

Ең көп табыс табатын теннисші — жапониялық Наоми Осака да 2023 жылы мансабын уақытша тоқтатып, бір жылдан кейін Australian Open жарысына қайта қатысты.

Наоми Осака Фото: Meta-ratings.kz

Қазақ теннисшісі де мансабын үзуге мәжбүр болды

Осындай жағдай Қазақстанның ең атақты теннисшілерінің бірі, экс-бірінші ракетка Ярослава Шведованың да басынан өтті. 2017 жылы ол "Ролан Гарроста" ойнап, кейін мансабын уақытша тоқтатты. 2018 жылы Шведова мен оның жұбайы Константиннің егіздері — Мирослава мен Станислав дүниеге келді.

Ярослава кортқа тек үш жылдан кейін қайта оралып, 2021 жылдың қыркүйегінде мансабын ресми түрде аяқтады. Қазіргі уақытта ол Қазақстан құрамасының капитаны қызметін атқарып келеді.

PIF WTA Maternity Fund бағдарламасы көптеген теннисшілерге мансап пен отбасы арасындағы таңдауды жеңілдетіп, аналық міндеттерін атқара отырып, спорттағы жолын жалғастыруға мүмкіндік бермек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір