Александр Бублик финалда жас жұлдызға есе жіберді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Финиксте өткен Челленджер турнирінің финалында жеңіліске ұшырады.
Шешуші ойында 18 жастағы бразилиялық теннисші Жоао Фонсека Бубликті 6:7 (5:7), 6:7 (0:7) есебімен тізе бүктірді. Ойын 1 сағат 46 минутқа минутқа созылды.
Осылайша Жоао Фонсека кәсіби мансабында үшінші титулға ие болды.
Айта кетейік, бұл Бублик пен Фонсеканың алғашқы жеке кездесуі еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.