Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің финалына шықты
Попко Морелиядағы турнирдің жартылай финалында француз қарсыласын тас-талқан етті.
el.kz
Дмитрий Попко (ATP рейтингінде 245-орын) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 125 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ол француз Уго Греньені (ATP №204) екі сетте – 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Матч бар болғаны 1 сағат 29 минутқа созылды.
Финалда Дмитрий Попко турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі, австралиялық Джеймс Даквортпен (ATP №95) кездеседі. Дакворт жартылай финалда Қазақстан өкілі Бейбіт Жұқаевты 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Турнирдің шешуші ойыны 31 наурыз күні таңғы сағат 5:00-де (Астана уақытымен) басталады. Морелиядағы “Челленджердің” жалпы жүлде қоры – 200 000 АҚШ доллары.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet