
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 10-орынға сырғыса, Юлия Путинцева бір саты алға жылжып, 23-орынға көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 10-орынға түсіп қалды. Бұған себеп – оның АҚШ-та өткен "мыңдық" турнирде (Miami Open) жарыстан ерте шығып қалуы.
1/32 финалда Рыбакина жергілікті теннисші, әлемнің 34-ракеткасы Эшлин Крюгерге 2:1 есебімен (6:4, 2:6, 6:4) есе жіберді. Айта кетейік, Крюгер бұл жеңістен кейін рейтингте 6 сатыға көтеріліп, 34-орынға жайғасты.
Қазақстанның тағы бір үздік теннисшісі Юлия Путинцева рейтингте бір сатыға көтеріліп, 23-орынға шықты. Ол да Miami Open турнирінде 1/32 финалға дейін жетті, алайда америкалық Тейлор Таунсендке 2:1 есебімен (7:6, 1:6, 6:1) жол берді.
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Қазақстан құрамасының сапында әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. Матчтар 10–11 сәуір күндері өтеді. Біздің құраманың қарсыластары — Австралия және Колумбия.