Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Канело: "Бокс маған бәрін берді. Енді қоштасатын уақыт келді"

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 07:31

Сауль "Канело" Альварес мансабын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді. 

ringside24.com
ringside24.com

Суперорта салмақтағы (76,2 кг дейін) әлемнің бірнеше нұсқасы бойынша бірыңғай чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альварес жақын арада рингпен қоштасуы мүмкін екенін ашық айтты. 34 жастағы боксшы өзінің спорттағы басты армандарына жеткенін және мансапты ақша үшін емес, өзінің ішкі түйсігіне сай аяқтағысы келетінін мәлімдед

"Мен бокста қолымнан келгеннің бәріне жеттім. Ең үздік қарсыластармен жекпе-жек өткіздім, түрлі салмақ дәрежелерінде чемпион атандым. Pound-for-pound тізімінде көш бастадым, жылдың үздік боксшысы атандым. Бұл – үлкен жол", – деді Альварес Vringe.com порталына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ақша басты мақсат емес. Себебі ақша ешқашан жеткіліксіз болмайды, бірақ спортта бастысы — рахат алып, шынайы эмоция сезіну.

"Мен әлі де бокстан ләззат алып жүрмін. Сол себепті әлі осындамын. Алайда нақты бір сомадағы табысқа жетіп, бірден кетемін деген мақсатым жоқ. Мен 37-38 жасымда мансабымды аяқтауды жоспарлап отырмын. Сол кезде қолғапты шегеге ілемін", — деп нақтылады Канело.

2025 жылдың 3 мамырында Альварес Куба елінің IBF тұжырымы бойынша чемпионы Вильям Скуллға қарсы рингке шығады. Егер бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, Сауль Альварес екінші мәрте абсолютті әлем чемпионы атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 19
👎 4
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір