Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қазақ патшасы» WBC рейтингінде жоғарылады

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 15:34

Оған 5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте Оңтүстік Африка боксшысы Азинга Фузилені жеңуі себеп болды. 

Sportnews.kz
Sportnews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) WBC екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады.

Жаңартылған рейтингте «Қазақ патшасы» бірден 12 сатыға көтеріліп, 28-орыннан 16-орынға жайғасты. Бұл серпіліс — 5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте Оңтүстік Африка боксшысы Азинга Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілердің шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін иеленуінің нәтижесі.

Зауырбектің дивизионында кім көш бастап тұр?

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBC чемпионы — америкалық О'Шаки Фостер. Ал үздік үш үміткердің қатарында:

  • Эдуардо Эрнандес (Мексика)
  • Марк Магсайо (Филиппин)
  • Мұхаммадхұжа Якубов (Тәжікстан) бар.

Не күтеміз?

WBC рейтингіндегі 16-орын — Сұлтан Зауырбектің әлемдік титулдық жекпе-жекке бір қадам жақындағанын білдіреді. Егер ол осындай жеңісті сериясын жалғастырса, алдағы уақытта әлем чемпионы атағына үміткер ретінде рингке шығуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 13-ін нокаутпен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір