Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәкен Бибосынов – Қазақстанға халықаралық турнирдің "алтынын" әперді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 14:33

Қазақстан ұлттық құрамасының үздік боксшыларының бірі Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан үшін аталған бәсекедегі алғашқы "алтын" жүлде.

sputnik.kz
sputnik.kz

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бибосынов ақтық сында Ресей боксшысы Денис Пальшинмен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қазылар бірауыздан жеңісті Сәкенге берді. Осылайша ол турнир чемпионы атанды, ал ресейлік қарсыласы күміс медальмен шектелді

Айта кету керек, жартылай финалда Бибосынов Өзбекстан өкілі Фарёзбек Дусматовты 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл боксшы – екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың туған інісі. Сәкеннің бұл жеңісі – оның әлемдік деңгейдегі тәжірибесін тағы бір дәлелдеді.
2021 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ретінде Сәкен Бибосынов Қазақстан боксының беткеұстар тұлғасы саналады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір