Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Қыстың қақаған суығында курьер боп жүрген": Елдос Жұмақановтың Парижде жүлде алған шәкірті кім

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 06:30

Қазақстан құрамасының бұрынғы дзюдошысы, қазір бапкер ретінде танылған Елдос Жұмақанов Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғап, жүлдеге қол жеткізген шәкірті туралы ашық әңгіме өрбітті.

gov.kz
gov.kz

Жұмақановтың айтуынша, шәкірті Жұрқамырза Шүкірбеков оның спорт залында жаттыға бастаған күннен бері көзге түскен. Көру қабілетінің төмендігін ескерген бапкер оны парадзюдоға бейімдеп, жаңа жол ашқан, деп жазады Sportbugin.kz

"Залды ашқан сәттен бастап Жұрқамырза менде жаттықты. Көзінің көру қабілеті шектеулі болған соң, оны парадзюдоға ауыстырдым. Солай ұлттық парадзюдо құрамасының қатарына енді", – дейді Жұмақанов.

Алайда бір кезеңде Жұрқамырза жаттығуға сирек келе бастаған. Жаттықтырушының сөзінше, шәкірті күнкөріс үшін мопедпен курьерлік жұмыс істеген, тіпті қыстың қақаған аязында да.

"Бір күні оның курьерлікпен айналысып жүргенін естідім. Бір жылдан аса уақыт мопедпен тапсырыс тасыған. Көзі жақсы көрмейтін жігіттің осылай жүріп жұмыс істегені — спортшы үшін үлкен қауіп", — дейді бапкер.

Осыдан кейін Елдос Жұмақанов шәкіртін ашық әңгімеге шақырған. Оған шын мәнінде спортшы болғысы келсе, бапкер мен шәкірт арасында сенім болуы керектігін түсіндірген.

"Мәселенің бәрін ашық айттық. Оған мопедті тастап, залға қайта оралу керек екенін айттым. Себебі оның бойында қайсарлық мінез бар", — деді жаттықтырушы.

Материалдық жағынан аса көп қолдау көрсете алмаса да, Жұмақанов шәкіртіне жарысқа бару шығындарын өтеп беруге уәде еткен. Жаттығу қайта жалғасып, медициналық тексеруден өткен соң, Жұрқамырза бірнеше жарысқа қатысып қажетті ұпай жинап үлгерген.

ФОТО: gov.kz

"Париждегі Паралимпиадаға санаулы уақыт қалғанда ол рейтингке еніп, қола жүлдеге ие болды", — дейді бапкер.

Жұрқамырзаның ата-анасы бапкерге алғыс білдіріп, қарапайым да кішіпейіл жандар екенін көрсеткен.

"Олар өте қарапайым кісілер. Қуаныштарын бөлісіп, алғыс айтып жатты", – дейді Жұмақанов.

Бұл оқиға – сенім, табандылық пен бапкерлік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Қыстың суығында курьер болып жүріп, Паралимпиадада ел намысын қорғау – нағыз батырлық.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір