Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлемдік бокс жұлдызы Амир Хан Астанада Жәнібек Әлімханұлымен кездесті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 21:00

Әлемге танымал боксшы, бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан Астанаға ресми сапармен келді. Оны елге Пәкістан елшілігі арнайы шақырған, басты мақсат — Қазақстанмен спорттық байланыстарды нығайту, әсіресе бокс саласында.

ringside24.com
ringside24.com

Астанаға келген Амир Хан бірқатар маңызды тұлғалармен кездесті:

  • Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмурат Мұтәліппен;
  • Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевпен жүздесті;
  • Qazsport телеарнасына сұхбат беріп, жас боксшыларға шеберлік сабағын өткізді;
  • Сондай-ақ, орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен де дидарласты.

2004 жылы Афина Олимпиадасында небәрі 17 жасында болған Амир Хан күміс жүлдегер атанып, жартылай финалда қазақстандық Серік Елеуовті жеңген еді. Бұл оны британдық бокстың тарихындағы ең жас Олимпиада медаль иегері ретінде танытты.

Кәсіпқой рингте Хан 40 жекпе-жек өткізді:
Жеңіс — 34
Жеңіліс — 6
Нокаутпен — 21

Ол рингте Теренс Кроуфорд, Сауль "Канело" Альварес, Заб Джуда, Марко Антонио Баррера секілді аты аңызға айналған қарсыластармен қолғап түйістірді.

Хан 2022 жылы ресми түрде спорттық мансабын аяқтады. Соңғы жекпе-жегінде Келл Брукке нокаутпен есе жіберген.

 Қазір:

  • Өзінің промоутерлік компаниясын басқарады;
  • Үндістандағы бокс және ММА лигасының иелерінің бірі;
  • Пәкістанда қоғамдық және саяси қызметпен айналысады;
  • Дубайда тұрады.

38 жастағы Амир Хан көрсетілім жекпе-жегіне немесе блогерлерге қарсы (мысалы, KSI немесе Джейк Пол) рингке қайта шығуға әзір екенін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір