Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Grand Slam Dushanbe 2025: Абибаның алғашқы қарсыласы белгілі болды

Редактор Penalty.kz
01.05.2025, 15:53

Бұрымды дзюдошымыз ертең Тәжікстан астанасында бақ сынайды. 

olympic.kz
olympic.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова ертең Душанбеде басталатын «Grand Slam» сериясындағы халықаралық дзюдо турнирінде татамиге шығады. 

Абибаның алғашқы қарсыласы кім?

2–4 мамыр аралығында Душанбеде өтетін «Grand Slam Dushanbe 2024» турнирінде Абиба 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Алғашқы қарсыласы — тәжікстандық Райхонай Розикзода, оның халықаралық ареналарда әлі айтарлықтай жетістігі жоқ.

Абибаның соңғы жеңісі – Австриядағы Гран-при

Абибаның соңғы қатысқан жарысы — 2024 жылдың 7–9 наурызында Линц қаласында (Австрия) өткен әлемдік Гран-при кезеңі болды. Бұл турнирде ол алтын медаль иеленді.

Абиба Әбужақынова Фото: Ulyssport.kz

Абиба Әбужақынованың жетістіктері

Өзбекстан атынан:

  • Азия Кубогының жеңімпазы (жастар) — 2015

Қазақстан атынан:

  • Азия чемпионатының (жастар) финалисі — 2016
  • Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалисі — 2017
  • Азия чемпионатының екі дүркін финалисі — 2021, 2022
  • «Grand Slam» кезеңдерінің 7 мәрте қола жүлдегері — 2022, 2023, 2024
  • Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері — 2022, 2024
  • Әлемдік Гран-при жеңімпазы — 2023, 2025
  • XIX Азия ойындарының финалисі — 2023
  • Олимпиада қатысушысы — 2024

Атақтары:

  • Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
  • Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Әлемдік рейтингтегі орны: 6-орын (4622 ұпай)

Душанбе қаласында өтетін Grand Slam 2025 халықаралық турнирінде Абиба Әбужақыновадан бөлек, Қазақстан құрамасының бірнеше дзюдошысы ел намысын қорғайды. Әр салмақ дәрежесінде татами шеберлері түрлі елдердің мықты спортшыларымен белдеседі.

Ерлер құрамасы және олардың алғашқы қарсыластары:

60 кг

  • Алдияр Қарғұлов – қарсыласы: Анваржон Иброхимов (Өзбекстан)

66 кг

  • Нұрмұхамбет Ботабай – қарсыласы: Дэнг Су (Қытай)

73 кг

  • Ансарбек Ғайнуллин – қарсыласы: Жанлонг Гоу (Қытай)
  • Ықылас Әлсейіт – қарсыласы: Мейліс Шамурадов (Түрікменстан)

81 кг

  • Досхан Жолжақсынов – қарсыласы: Илхам Сойынжов (Түрікменстан)

100 кг

  • Ермұхан Естай – қарсыласы: Кароматулло Хакимов (Тәжікстан)
  • Мұхамедәлі Мәулітов – қарсыласы: Баймурат Маджанов (Түрікменстан)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір