Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан Өзбекстанды шаң қаптырып, тарихи Азия чемпионатын ұтып алды

Сарапшы, спорт журналисі
01.05.2025, 16:03

Иордания астанасы Амманда жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл турнир алғаш рет World Boxing ұйымының қамқорлығымен ұйымдастырылды және құрлықтық ауқымдағы алғашқы ресми жарыс мәртебесіне ие болды.

Instagram/@boxingkazakhstan
Instagram/@boxingkazakhstan

Байрақты додаға 18 елден келген 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Қазақстандық боксшылар доданың басты фавориті екенін дәлелдеп, медальдар саны бойынша жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Қазақстан құрамасы 44 медаль еншіледі:

  • 16 алтын
  • 15 күміс
  • 13 қола

Бұл – ел тарихындағы жасөспірімдер арасындағы ең ірі жетістіктердің бірі.

Өзбекстан екінші орынды қанағат тұтты: 15 алтын, 15 күміс, 12 қола – барлығы 42 медаль.

Үздік үштікті Үндістан түйіндеді: 15 алтын, 6 күміс, 22 қола – барлығы 43 медаль.

Бұл Азия чемпионаты — Қазақстан бокс мектебінің жүйелі жұмысы мен талантты жастардың жемісі. Болашағы зор боксшыларымыздың жарқын жеңісі – ел спорты үшін тарихи кезеңнің басталғанын білдіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 50
👎 3
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір