Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қуат Хамитов: "Жаңа Қазақстан" да ескі жолмен жүр — тағы бір жекпе-жегім өтпей қалды" (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
03.05.2025, 19:52

Қазақстандық танымал ММА файтері Қуат "Найман" Хамитов өзінің Instagram парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, екінші жекпе-жегінің де неге өтпей қалғанын ашық айтты.

el.kz
el.kz

Оның айтуынша, бұл жағдай саяси көзқарасына байланысты қайталанып отыр.

“Жігіттер, “Қуат, келесі жекпе-жек қашан?” деп енді сұрамаңдар. Себебі бұл – қатарынан екінші рет өткізілмей жатқан жекпе-жек. Біріншісін, ақпанда Астанада өтуі тиіс болған жекпе-жекті менің саяси көзқарасыма байланысты тоқтатты. Енді екінші кездесу де белгісіз себеппен өтпейтін болды. Үкіметке тағы да бірдеңе ұнамай қалған сияқты. Көп адам “Қуат хайп жасап жүр” дейді, бірақ мұндай хайп керек емес”, – деді Хамитов.

Хамитов өз сөзінде бұл қысымның бұрыннан келе жатқанын атап өтті:

  • "Ескі Қазақстанда да" төрт-бес жекпе-жегім осылайша өтпей қалған.
  • Жарнамалық келісімшарттардан да шеттетілдім.
  • “Жаңа Қазақстан” деген өзгеріс те алдамшы секілді: алғашқы жекпе-жек тоқтады, енді 27 мамырға жоспарланған кездесу де өтпейтін болды.

“Не істесе де, мен сынбаймын. Әрдайым халық жағындамын. Шындықты айтуға дайынмын”, – деп түйіндеді спортшы.

Бұған дейін Хамитов ресейлік жұлдызды файтер Магомед Исмаиловпен кездесуі керек болған. Бұл жекпе-жек Астана немесе Алматыда өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ ол да тоқтатылған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір