Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Баходир Джалолов Париж Олимпиадасынан кейін мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.05.2025, 21:07

Өзбекстанның әйгілі аса ауыр салмақтағы боксшысы Баходир Джалолов 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы триумфын еске алып, Instagram парақшасына әсерлі бейнеролик жариялады. Жанкүйерлерді бейжай қалдырмаған бұл жарияланымда ол мансаптық жаңа кезеңге аяқ басатынын мәлімдеді.

offside.kz
offside.kz

Спортшы бөліскен видеода Париж рингіндегі жекпе-жек сәттері мен жеңіс эмоциялары бейнеленген. Ол роликке қысқа әрі нұсқа жазба қалдырды:

“Олимпиада ойындары. Франциядағы алтын медаль”, – деп жазды Джалолов.

Бұл Джалолов үшін екінші олимпиадалық алтын медаль. Алғашқысын ол 2020 жылы Токиода жеңіп алған болатын.

Париждегі финалдан кейін Баходир әуесқой бокстан кететінін, енді толықтай кәсіпқой карьерасына бет бұратынын ресми түрде жариялады.

Қазіргі кәсіпқой рекорды:

  • 15 жекпе-жек
  • 14 жеңіс
  • 14 нокаут
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір