
Канадада өтетін UFC 315 турниріне дайындалып жатқан қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның жаттығу барысы желіде жарияланды. Жекпе-жек 11 мамыр күні Монреаль қаласында өтеді.
Тараған бейнежазбада Бекзат Алмахан UFC ұйымының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы — бразилиялық Алешандре Пантожамен спарринг өткізуде. Бұл жаттығу қазақстандық спортшының дайындық деңгейінің қаншалықты жоғары екенін көрсетіп отыр. Видеоны төменнен көруге болады.
Бекзат қазір әлемге әйгілі American Top Team залында жаттығып жатыр. Бұл залда талай UFC жұлдыздары дайындықтан өткен. Ол UFC 315 турнирінің андеркардында (негізгі жекпе-жек алдындағы кезең) октагонға шығатын болады.
Қарсыласы – канадалық Брэд Катона. Бұл Бекзат Алмахан үшін UFC-дегі екінші айқас болмақ. Алғашқы жекпе-жегін былтыр наурызда өткізіп, ресейлік Умар Нурмагомедовке төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген болатын.