Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Құрлықтық чемпионатының ресми кестесін жариялады.

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі жарияланды
Instagram/@boxingkazakhstan

Құрлықтық дода 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтеді. Турнир алдындағы техникалық жиналыс пен жеребе 11 мамырда өтсе, алғашқы жекпе-жектер 12 мамырда басталады.

Жекпе-жек кестесі:

  • 12-18 мамыр — Іріктеу кезеңдері
  • 19 мамыр — Демалыс күні
  • 20-21 мамыр — Жартылай финалдық кездесулер
  • 22-23 мамыр — Финалдық жекпе-жектер
  • 24 мамыр — Турнирдің жабылу салтанаты

Коломбо төрінде өтетін чемпионатта қазақстандық жас боксшылар да бақ сынайды. Олар ел намысын қорғап, Азияның үздік спортшыларымен күш сынасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір