Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дзюдодан Астанадағы турнирдің жүлде қоры жарияланды

Редактор Penalty.kz
08.05.2025, 04:00

9-11 мамыр аралығында елордада өтетін Grand Slam 2025 – спорт сүйер қауым мен дзюдошылардың назарында болады. Турнир тек беделімен емес, қомақты жүлде қорымен де ерекшеленеді.

NUR.KZ
NUR.KZ

Asia-Plus дерегіне сүйенсек, Астанадағы Grand Slam-2025 турнирінің жалпы жүлде қоры 154 000 еуро (шамамен 90 миллион теңге) болады. Бұл сома әлемнің үздік дзюдошыларын елордаға жинауға ынталандыратыны анық.

Әр салмақ дәрежесінде жүлделер келесідей бөлінеді:

  1. Алтын медаль иегерлері – 5000 еуро (2,9 млн теңге)
  2. Күміс жүлдегерлер – 3000 еуро (1,75 млн теңге)
  3. Қола медаль иегерлері – 1500 еуро (870 мың теңге)

Ерлер мен әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесінен сайыстар өтеді. Яғни, барлығы 14 категорияда жүлделер сарапқа салынады.

Grand Slam турнирлері дзюдо әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі саналады. Олар Олимпиада, Әлем чемпионаты және World Masters додаларынан кейінгі ең жоғары рейтингтік ұпайлар берілетін бәсекелер қатарына кіреді.

Grand Slam жарысына қатысу спортшылар үшін:

  • Халықаралық рейтингте жоғарылау,
  • Олимпиада ойындарына жолдама алу,
  • Ірі жарыстарға автоматты түрде іріктелу мүмкіндіктерін береді. 

Сондықтан Астанада өтетін бұл турнир – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл дзюдо әлемі үшін маңызды оқиға.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір