
Екеуінің кездесуі 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өтпек.
Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың кезекті қарсыласы кім болатыны белгілі болды. Бұл туралы sportilinet Инстаграм парақшасы хабарлады. Оның ақпары бойынша отандасымыз 26 шілде күні өзбекстандық спортшы Рамазан Темировқа қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирі аясында өтеді.
Асу Алмабаев (31 жаста):
Жалпы рекорд: 21 жеңіс, 3 жеңіліс
UFC-де: 4 жеңіс, 1 жеңіліс
Соңғы жекпе-жек: Манель Капеден жеңіліп қалды
UFC-дегі қазіргі рейтингі: 8-орын
Рамазан Темиров (28 жаста):
Жалпы рекорд: 19 жеңіс, 3 жеңіліс
UFC-де: 2 жеңіс
Қазіргі UFC рейтингі: 13-орын
Бұған дейін үш рет қазақстандық спортшылармен жекпе-жек өткізген:
Атап айтқанда, 2019 жылы Талғат Жұмағалиевке армбармен жеңілді. 2021 жылы қайта кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Дәл осы жылы Сатбек Есенгельдиннен де төрешілер шешімімен басым түсті.
Алмабаев пен Темиров арасындағы кездесу Flyweight (аса жеңіл салмақ) дивизионындағы рейтингтік маңызға ие. Жекпе-жек нәтижесі екеуінің де ТОП-10 ішіндегі орнын нақтылайды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы спорттық қарсыластық бұл кездесуге қосымша қызығушылық тудырып отыр.