Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін татамиге шығатын қазақстандықтар тізімі
Астана төрінде өтіп жатқан дзюдо турнирінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасынан 13 спортшы үлкен сынға түседі.
Жарыс форматы мен маңыздылығы
IJF (Халықаралық дзюдо федерациясы) ережелеріне сәйкес, жеңімпаз бен жүлдегерлерге келесідей ұпайлар беріледі:
- Алтын медаль — 1000 ұпай
- Күміс медаль — 700 ұпай
- Қола медаль — 500 ұпай
Турнир туралы ақпарат
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Аталған додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысып, Азиядағы басты дзюдо оқиғаларының біріне айналып отыр.
10 мамырда татамиге шығатын қазақстандықтар
Ерлер 73 келі:
- Қуан Барыс vs Леонардо Валериани (Италия)
- Саят Сейітқалиев vs Этан Наирн (Ұлыбритания)
- Бақытжан Абдурахманов vs Чанг Кен Сянь (Қытайлық Тайбэй)
- Есет Қуанов vs Карен Галстян (IJF)
81 келі:
- Азат Күмісбай vs Владислав Колобов (Украина)
- Абылайхан Жұбаназар vs Арис Сарагкас (Грекия)
- Айғали Қалдыбек vs Павел Дрзималь (Польша)
- Жалғас Қайролла vs Петр Млади (Чехия)
Әйелдер 63 келі:
-
Асылжан Орынбасарова vs Анастасия Антипина (Украина)
70 келі:
- Анастасия Морозова vs Мартина Эспозито (Италия)
- Кристина Сотникова vs Ли Еранг (Оңтүстік Корея)
- Аруна Жангелдина vs Сара Мехлау (Германия)
- Диана Телбаева vs Аквилина Чайеб (Ливан)
Күн тәртібі
- Іріктеу кезеңі: 10:30
- Финалдық белдесулер: 17:00
- Тікелей эфир: Qazsport арнасында
Кеше кім не алды?
9 мамырда, жарыстың алғашқы күнінде:
- Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) пен Талғат Орынбасар (60 кг) — күміс жүлдегер;
- Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин — қола медаль иегері атанды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.