Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

UFC чемпионы Джек Делла Маддалена Шавкат Рахмоновты жанама түрде мазақ етті ме?

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 07:40

Австралиялық файтер Ислам Махачевпен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Рахмоновтың есімін елемей өтті. 

foxsports.com
foxsports.com

Маддалена Ислам Махачевпен жекпе-жекке дайын екенін айтты

UFC-дің жаңа чемпионы Джек Делла Маддалена баспасөз мәслихатында Ислам Махачевпен кездесуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек – мансап жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

"Жартылай орта салмақта мықты жігіттер көп. Ислам екінші белбеу үшін айқасуға лайық, себебі оның жетістігі жоғары. Егер ол салмақ ауыстырғысы келсе, еш қарсылығым жоқ. Бұл мен шешетін мәселе емес. Бірақ Белалмен болған кездесу мен үшін Исламға дайындық секілді өтті. Исламды жеңу — үлкен жетістік болар еді. Айтпақшы, мен әлі мансабымның басындамын", – деді Маддалена.

Шавкат Рахмоновқа қатысты үнсіздік – әдейі ме?

Австралиялық файтердің бұл мәлімдемесі қазақстандық жанкүйерлер арасында резонанс тудырды. Себебі ол жартылай орта салмақтағы басты фавориттердің бірі Шавкат Рахмоновты мүлде атамады. Бұл — Рахмоновқа жанама түрде құрметсіздік көрсету деп бағалануда. Әсіресе, Шавкаттың UFC-дегі сенімді статистикасы мен жекпе-жек мәнері ескерілсе, бұл үнсіздіктің астарында белгілі бір месседж жатқан секілді.

Ислам Махачев: чемпиондық белбеуді қорғап келеді

Ислам Махачев қаңтар айында UFC 311 турнирінде Ренато Мойканоны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды. Оның кәсіби рекорды — 27 жеңіс пен 1 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір