Ташкенттегі басты жекпе-жекте өзбекстандық файтер мықты болды (ВИДЕО)
OCTAGON 72 турнирінде Достон Бозоров чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
olamsport.com
Достон Бозоров титулын сәтті қорғады
Ташкенттегі "Хумо Аренада" өткен OCTAGON 72 турнирі Еуразиялық ММА жанкүйерлерін тағы бір тартысты кешпен қуантты. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы чемпион, Өзбекстан өкілі Достон Бозоров (11-1) пен тәжікстандық мықты Фазлиддин "Карим" Мадрахимов (14-5-1) октагонда жолықты.
Жекпе-жек толық бес раундқа созылып, жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Тартысты айқас соңында төрешілер шешімімен Достон Бозоров жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Келесі турнир – Алматыда
Айта кету керек, OCTAGON лигасының келесі турнирі – OCTAGON 73, биылғы 23 мамыр күні Алматыда өтетіні белгілі болды. Бұл кеш те жанкүйерлер үшін ерекше айқастар мен жаңа сенсациялар сыйлауы әбден мүмкін.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet