Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан күтпеген жеңіліске ұшырады
Коломбо қаласында (Шри-Ланка) жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Турнир алғашқы күнінен бастап сенсацияға толы болды.
instagram/@muratuly__k
Қазақстан жастар құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі шок тудырды. 54 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Кенже Мұратұлы турнирдің бірінші айналымында Қырғызстан өкілі Зафарбек Камиловпен қолғап түйістірді.
Кездесу өте тартысты өтті. Үш раунд бойы екі спортшы да белсенділік танытып, көрермендерге жоғары деңгейдегі бокс көрсетті. Дегенмен жекпе-жек соңында төрешілер жеңісті Зафарбек Камиловқа берді. Бұл шешім жарыс жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болды, себебі Кенже Мұратұлы фаворит саналған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet