Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Мен әлі де сол Әбибамын": Әбужақынова әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатыр

Редактор Penalty.kz
22.05.2025, 12:00

Қазақстан әйелдер дзюдо құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова кезекті рет маңызды сынға – әлем чемпионатына қатысуға ниетті. Қазір ол ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиындарында тер төгіп жүр.

almaty.tv
almaty.tv

“Мақсатым – әлемдік додада нәтижелі күресу”

Әбиба Sportbugin.kz порталына берген сұхбатында дайындық барысы жайлы ашық айтты:

“Қазір ұлттық құраманың қатарында жаттығу жиынындамын. Басты мақсатым – әлем чемпионатында табысты өнер көрсету. Жаттығулар жоспарға сай өтіп жатыр”.

Сонымен бірге спортшы Астанадағы Grand Slam турниріне қатыспаған себебін де түсіндіріп өтті:

“Әлем біріншілігіне арнайы дайындалып жатқандықтан бұл жарыстан бас тартуыма тура келді”, – деді дзюдошы.

Ұлттық құраманың жаңа кеңесшілері жайлы пікір

Сұхбат барысында Әбиба құрамаға жаңадан қосылған жаттықтырушылар жайында да өз ойын білдірді:

“Бізбен жұмыс істеп жатқан Роберт Мшвидобадзе маған көп көмегін тигізіп жатыр. Ол менің күрес стилімді бағалайды. Ал ұлттық құрамаға келген кеңесші мамандар нақты нәтижені екі жылдан кейін көрсетеміз деп отыр. Сондықтан алғашқы айларда шешім айтуға ертерек”.

“Шетелдік бапкерлерге баға бермеймін, бәрін уақыт көрсетеді. Олар жас спортшыларды дайындауға бейімделген. Ал менің күрес стилім қалыптасқан, сол үшін де өзімнің бұрынғы болмысымды сақтаймын. Мен – сол баяғы Әбиба болып қала беремін”, – деп түйіндеді ол.

Әбиба Әбужақынова кім?

Әбиба – қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш Grand Slam жүлдегері. Ол әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері атанып үлгерді. Сонымен қатар Париж Олимпиадасында алғашқы бестікке енген спортшы ретінде ел спорт тарихында ерекше орынға ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір