Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Балауса Мұздыман болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 03:05

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман YouTube-арнадағы "Спорт Пульс" бағдарламасына берген сұхбатында болашақ жарына қоятын талаптарын ашық атап өтті.

NUR.KZ
NUR.KZ

Жас спортшының айтуынша, өмірлік серігі тек сырт келбетімен емес, адамгершілігімен, түсіністігімен және рухани тірек бола алу қабілетімен ерекшеленуі тиіс.

"Менде таңдауға мүмкіндік көп деп айта алмаймын. Дегенмен, ер адам – әрдайым тірек болуы керек. Өзіме спортшы емес адам көбірек үйлеседі, өйткені үйде тек спорт туралы әңгіме болғанын қаламаймын. Ол менің таңдауымды, жолымды, отбасымды құрметтейтін, адал әрі қарапайым адам болса деймін. Өзіне сенетін, шынайы жан іздеймін," – деді Мұздыман.

Алдағы жекпе-жек: Мұздыман – Айя Рамадан

Балаусаның келесі жекпе-жегі 6 маусымда "Алматы Аренадағы" All Stars Boxing турнирінде жоспарланған. Бұл кездесуде ол Египет елінің өкілі Айя Рамаданмен қолғап түйістіреді.

"Бұл – менің спорттық мансабымдағы маңызды кезең. Жанкүйерлерімді қуантқым келеді," – дейді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір