Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бетербиев пен Бивол айқасы Ресейде өтуі мүмкін

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 14:00

Ресейлік бокс шенеуніктері бұл жекпе-жекті елде өткізуге нақты ниет танытып отыр. Кездесу 2025 жылдың қараша немесе желтоқсан айларында өтеді деген болжам бар. 

offside.kz
offside.kz

Жыл жекпе-жегі Ресейде өтеді ме?

Бокс жанкүйерлері көптен күткен тарихи кездесу Ресейде өтуі мүмкін. Көрші елдегі бокс федерациясының бас хатшысы Александр Беспутин осылай деді. 

«Бұл трилогия тек ресейлік емес, әлемдік бокс үшін де аса маңызды оқиға болмақ. Бетербиев – Бивол секілді кездесулер жетіспейді. Турки әл аш-Шейх олардың алғашқы айқасынан кейін “20 жылдан бері мұндай жекпе-жек көрмеппін” деді. Бұл – Ресей боксына жасалған жоғары баға», – деді Беспутин Allboxing.ru сайтына берген сұхбатында.

Кездесу қашан өтеді?

Алдын ала мәлімет бойынша, үшінші жекпе-жек 2025 жылдың қараша немесе желтоқсан айларына жоспарланып отыр. Еске салсақ, алғашқы жекпе-жекте төрешілер шешімімен Бетербиев жеңіске жетсе, екінші кездесуде Бивол басым түсті.

«Умар Назарович Кремлёв бір нәрсе айтса, ол бекер айтпайды. Демек, бұл жоспар бар. Бізге тек осы тарихи кездесуді күту ғана қалды», деп келтірді Матч ТВ арнасы Беспутиннің сөзін. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір