
13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жылдың басты бокс кеші өтеді. Кештің хедлайнерлері — суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (63 жеңіс, 2 жеңіліс, 2 тең ойын, 39 нокаут) пен жеңіліп көрмеген америкалық Теренс Кроуфорд (41 жеңіс, 31 нокаут) болады.
Көптен күткен бұл жекпе-жек Riyadh Season бағдарламасының аясында өтеді және алғаш рет Netflix стриминг платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл стриминг алыбы үшін спорттық трансляциялардағы жаңа кезеңнің бастамасы болуы мүмкін.
Жекпе-жекке дайындық ресми түрде басталды. Қос боксшы алғашқы көз арбасу рәсімін өткізіп, өз ойларын айтты.
Сауль Альварес:
"Мен тарих жазуды жалғастырып жатқаныма аса қуаныштымын. Бұл жолы – Netflix арқылы көрсетілетін Riyadh Season аясында. 13 қыркүйекте мен салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы екенімді тағы бір мәрте дәлелдеймін", — деді мексикалық жұлдыз.
Теренс Кроуфорд:
"Менің мінсіз рекордым – өзінен-өзі бәрін айтып тұр. Мен әлемдегі ең мықты жекпе-жек шеберімін және кімге қарсы шықсам да, қандай салмақта болмасын әрдайым жеңіске жетіп келемін. 13 қыркүйекте менің қолым тағы да көкке көтеріледі, ал бүкіл әлем осы ұлылықтың куәсі болады", — деп жауап берді.