Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мераб Двалишвили UFC белбеуін Грузияға алып келді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.06.2025, 19:00

Жеңіл салмақтағы (61 кг дейін) UFC чемпионы Мераб Двалишвили тарихи белбеуін туған елі — Грузияға алып келіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді. 

profootballnetwork.com
profootballnetwork.com

Батырдың туған жеріне оралуы

34 жастағы Мераб Двалишвили Тбилиси көшелерінде чемпиондық белбеуімен халық алдына шықты. Қала тұрғындары мен спорт сүйер қауым оны ерекше құрметпен қарсы алып, ұлттық мақтаныш ретінде қол шапалақтап, ұрандатып шығарып салды.

Осы сәттен түсірілген бейнематериалдар әлеуметтік желілерде лезде таралып, миллиондаған қаралым жинап жатыр.

Мераб Двалишвили кім?

Грузиялық файтер ММА-дегі кәсіби мансабын 2013 жылы бастаған. 2017 жылдан бастап ол әлемдегі ең беделді ұйым — UFC-да өнер көрсетіп келеді.

Жекпе-жек әлеміне аяқ басқан алғашқы жылдары оңай болмаған: UFC-дегі алғашқы екі кездесуінде жеңіліс тапқан. Бірақ кейіннен ол нағыз серпіліс жасап, қатарынан 13 жекпе-жекте жеңіске жетіп, нағыз жұлдызға айналды.

Двалишвилидің жетістіктері кездейсоқ емес. Оның бағындырған қарсыластарының қатарында MMA-ның ең мықты есімдері бар:

  • Джон Додсон
  • Жозе Альдо
  • Пётр Ян
  • Генри Сехудо
  • Шон О’Мэлли
  • Умар Нурмагомедов

Осы жеңістердің барлығы оны UFC чемпионы мәртебесіне жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір