Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абылайхан Жүсіпов әлем боксын дүр сілкіндірді: Олимпиада жүлдегерлері көлеңкеде қалды

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 13:20

Қазақстандық боксшы Голландияның Эйндховен қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевты жеңіп, әлемдік бокста үлкен сенсация жасады.

instagram/@jussupov_ablaikhan
instagram/@jussupov_ablaikhan

Финалдағы даулы шешім

70 келі салмақ дәрежесіндегі финал ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундтан кейін Абылайхан жарақатына байланысты рингке қайта шыға алмады. Дегенмен төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, алғашқы раундтағы ұпайларды есепке алды.

Нәтижесінде төрешілердің хаттамасында басым болған Жүсіпов жеңімпаз деп танылды. Алайда бұл шешімге Өзбекстан бокс федерациясы наразылық білдіріп, әділетсіздік деп баға берді.

Жеңіс пен рейтингтегі серпіліс

Бұл алтын жүлде мен атышулы жеңістің арқасында Абылайхан Жүсіпов BoxRec порталының мәліметі бойынша әлемдік рейтингте жоғары көтерілді. Енді ол салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар тізімінде 7-орында тұр.

Ол артта қалдырған мықтылар қатарында:

  • Олимпиада чемпионы кубалық Альварес,
  • өзбекстандық қазақ Руслан Абдуллаев,
  • Париждегі Олимпиаданың жалғыз қазақстандық жүлдегері Нұрбек Оралбай (қазіргі таңда 12-орында) бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 13
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір