Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ангелина Лукас пен қарсыласы арасындағы дау: IBO ресми түрде жауап берді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 15:32

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Ангелина Лукас өзіне тағылған ауыр айыптаулардан кейін Халықаралық бокс ұйымы – IBO-ға ресми түрде жүгінді. Чилилік қарсыласы Даниэла Асенхо тарапынан айтылған мәлімдемелер қоғамдық резонанс тудырды.

NUR.KZ
NUR.KZ

Асенхо не айтты?

1 маусым күні Таразда өткен бокс кешінде Ангелина Лукас қарсыласы Асенхоға қарсы титулын сәтті қорғаған еді. Алайда Чилиге оралған соң Асенхо мен оның жаттықтырушысы қазақстандық промоутер Тариел Джафаровты айыптап, оның қонақ үй нөміріне кіріп, егер Ангелина жеңілсе, елден шықпайсыңдар деп қорқытқанын айтты.

Бұл мәлімдеме отандық және шетелдік БАҚ-та тарап, Ангелина Лукас ақпаратты теріске шығаруға мәжбүр болды.

“Бұл — таза жала жабу. Асенхо ойдан шығарып отыр», – деді Лукас.

IBO-ның ресми жауабы

Лукас өз командасымен бірге IBO президенті мен ұйым делегациясына шағымданып, болған оқиға бойынша нақты түсініктеме беруді талап етті.

“Олар бізден: “Байланыспаңыздар, бұл тақырыпты жабыңыздар” деп сұрады. Себебі Асенхоның айтқандарын ешбір дәлел растамайды”, – дейді Ангелина.

IBO-дан Ангелина Лукасқа жолданған ресми хатта Асенхоның айтқан мәліметтері расталмағаны туралы нақты көрсетілген. Сонымен қатар ұйым Лукасқа толық қолдау көрсететінін және оны IBO айының чемпионы деп жариялағанын атап өтті.

Асенхо шын мәнінде салмақ шегінен шыққан

Асенхоның Чилиде таратқан сұхбаттарында ол өзінің салмақ межесіне сәйкес келмегені жайлы ештеңе айтпаған. Алайда бұл факт BoxRec платформасында тіркелген және оның жеңіске жеткен жағдайда да титулды ала алмайтыны белгілі болған.

Кейін Асенхо Лукас қолғабын тексере алмадым деп мәлімдеді. Бірақ Ангелина бұл мәлімдемені жоққа шығарып, екеуінің бірге отырған және бір-бірінің қолғабын тексеруге мүмкіндік алған сәтінің видеосын ұсынды.

“Сыйлық беріп, алғыс айтқан еді”

Ангелина Лукас сондай-ақ, Асенхо Қазақстанда жүрген кезінде алғыс айтып, кепкасын сыйлағанын, жеке хаттар арқылы да ризашылығын білдіргенін айтты.

“Ол “мен салмақ түсірмеймін” деді. Біз түсіністікпен қарап, тіпті үш мың долларлық айыппұлды салмадық. Оған қонақ үй, жеке күзет ұйымдастырдық. Ол “Сіздерден мұндай қонақжайлық күтпедім” деп рахметін айтты”, – дейді Лукас.

IBO Ангелина Лукасты ресми түрде қолдайды

“Сізді IBO әлем чемпионы деп мойындау – біз үшін үлкен құрмет. Сізден үлкен үміт күтеміз және Жанқош Тұраров, Данияр Елеусінов, Геннадий Головкин сияқты IBO тарихындағы үздіктер қатарынан көрінетініңізге сенеміз”, – делінген ұйым жолдаған ресми хатта.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір