Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдалды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC жанкүйерлерін дүр сілкіндірген мәлімдеме! Камару Усман Шавкат Рахмонов пен Шон Брэди арасындағы жекпе-жекті ең көп күтілетін айқас деп атады.

Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдалды
Offside.kz

Экс-чемпион Камару Усман қазақстандық файтерге келесі қарсылас ретінде Шон Брэдиді ұсынды. Бұл жекпе-жек бүкіл дивизиондағы ең көп күтілетін кездесу болуы мүмкін.

Камару Усман: “Шавкат пен Шон Брэди — көргіміз келетін айқас”

UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усман жақында Хоакин Баклиді жеңгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында жартылай орта салмақтағы дивизиондағы ықтимал жекпе-жектерге қатысты пікір білдірді. Ол ең қызықты текетірес ретінде Шавкат Рахмонов пен Шон Брэди арасындағы жекпе-жекті атады.

«Шон Брэди мен Шавкат Рахмонов — бұл жұпты көруді бәрі қалайды», – деді нигериялық файтер.

Басқа да ықтимал жекпе-жектер

Усман өз сөзінде бірнеше басқа қарсыластықты да атады:

  • Хоакин Бакли — Иэн Гарри немесе Карлос Пратеске қарсы
  • Камару Усман — Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек жеңімпазына қарсы

Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жарақат салдарынан біраз уақыт дайындық үдерісінен шет қалған еді. Алайда қазір спортшы толық жаттығу режиміне қайта оралды және келесі айқасқа дайындықты бастап кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір