Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шымкенттік чемпион қыз Азияның жаңа жұлдызы атанды

Редактор Penalty.kz
19.06.2025, 09:00

Қазақстандық жас боксшы Элина Базарова Азияны тәнті етті. Ол Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Азия бокс конфедерациясы (ASBC) тарапынан үздік әйел боксшы деп танылды.

©instagram.com/bazarova_elina
©instagram.com/bazarova_elina

Шымкентте басталған жол

Элина Базарова 2004 жылдың 25 наурызында Шымкентте дүниеге келген. Спорттағы жолы 2019 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатындағы жеңіспен басталды.

Сол жылы Базарова Біріккен Араб Әмірліктеріндеге Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болса, 2022 жылы Сербиядағы "Golden Gloves of Vojvodina" халықаралық турнирінде алтын медаль еншіледі.

Әлем чемпионатындағы тарихи нәтиже

Элина Базарова 2022 жылдың соңында Испанияның Ла-Нусия қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет осындай нәтиже көрсеткен боксшы атанды.

Ол Азия чемпионы Виктория Байдукованың орнына құрамға енді. Финалда германиялық Крисоваланта Куцоxристуды айқын басымдықпен тізе бүктірді. 

Үндістандық Притимен болған жекпе-жек

Элина 2024 жылдың наурызында Астанада өткен U-22 Азия чемпионатының финалында үндістандық Прити есімді қарсыласымен кездесіп күміс жүлдені қанағат тұтты.

Коломбодағы алтын және ASBC мойындауы

2025 жылдың мамырында Коломбо қаласындағы U-22 Азия чемпионатында Базарова қайтадан рингке шықты. Бұл жолы ол финалда Вьетнам елінің талантты боксшысы Нго Тхи Май Чукты сенімді түрде жеңді. Осыдан кейін оны ASBC 22 жасқа дейінгі Азияның үздік әйел боксшысы деп таныды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір