Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Зия Алиев мені "лақтырып" кетті" - Мұхит Амантаев өтпей қалған жекпе-жек жайлы (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.06.2025, 21:07

Жекпе-жекке үш ай бойы дайындалып, 15 миллион теңгесін жұмсаған боксшы жекпе-жекке үш күн қалғанда кештің өтпейтінін білген. 

Қазақстандық боксшы  Мұхит Амантаев «Бірінші бол» подкастында жанкүйерлер мен жұртшылықты елең еткізер шындықты айтты. Оның сөзінше, қарсыласы Зия Алиев жекпе-жекке үш күн қалғанда келісілген төлемді беруден бас тартып, кездесуді болдырмай тастаған. Бұл шешім Амантаевқа материалдық және моральдық үлкен соққы болды.

Жекпе-жекке дайындық

Мұхит Амантаев бұл кездесуге үш ай бойы: наурыз, сәуір және мамыр айларында күнделікті дайындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл кезеңде қаншама энергия, жүйке, денсаулық пен тер төгілген.

«Қаншама еңбегім, қаншама ақшам кетті. Маған қолдау көрсеткен демеушілерім болды. Спорттық мансабым үшін бәрін салдым», — деді Мұхит Амантаев.

Ол жекпе-жек алдында 15 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсағанын да жеткізді. 

Зия Әлиев үш күн қалғанда бас тартты

Амантаевтың айтуынша, жекпе-жекке небәрі үш күн қалғанда Зия Әлиев хабарласып, келісілген гонорарды төлемейтінін айтқан. Бұл – Мұхит үшін күтпеген әрі ауыр соққы болған.

«Үш күн қалғанда звандайды. “Мұхит, я тебе не могу заплатить гонорар” дейді. Болды, бәрі сол жерде тоқтады», — деді боксшы.

Мұхит тек қаржылық шығын емес, қоғам тарапынан айтылған сынға да реніш білдірді. Жекпе-жек болмай қалған соң, әлеуметтік желіде «қорықты», «шықпай қойды» деген әңгімелер тараған.

«Алладан басқа ешкімнен қорықпаймыз. Мотиватор дейміз бе, гладиатор, аниматор дейміз бе – қорықпаймыз. Оның техникасы, менің техникам, бокстағы деңгейіміз, спорттық мансабымыз — кім кім екені көрініп тұр ғой. Сондықтан бірден нағыз түсінетін, боксты білетін, боксшылар да, білмейтін адамдар да, көбі айта алады деп ойлаймын», — деді Мұхит Амантаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір