Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәтжановтың батасын алғасын Сәкен Бибосынов кәсіби рингте дебют жасайды

Редактор Penalty.kz
25.06.2025, 03:03

Қазақстан құрамасының жұлдызы 20 шілде күні Бішкекте алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізеді.

instagram/@sakenbibosinov
instagram/@sakenbibosinov

Бас бапкер рұқсат берді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы дебютіне рұқсат бергенін мәлімдеді. Бұл туралы ол “Спорт Министрі” YouTube арнасында айтты.

“20 шілде күні Сәкен Қырғызстанда шаршы алаңға шығады. Оған Олимпиада жүлдегерлері қатысатын бокс кешіне шақырту келді. Сәкен – өте тәртіпті, еңбекқор бала. Ол менен рұқсат сұрады, мен келісімімді бердім”, – деді Қайрат Сәтжанов.

Бішкекте өтетін жекпе-жек кеші

Сәкен Бибосыновтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы — филиппиндік Кристиан Легане (6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең ойын, 4 нокаут). Жекпе-жек 20 шілде күні Бішкекте (Қырғызстан) өтеді.

Сәкен – Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жеңімпазы.

Бір кеште – Дусматов та бар

Аталған бокс кешінде тағы бір жұлдыз — Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов та шаршы алаңға шығады. Ол кәсіпқой бокста 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оған тағы бір филиппиндік Ричард Ласпона қарсылас атанбақ. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір