Әнел Сақыш қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде германиялық қарсыласын тас-талқан етіп жеңді.

Әнел Сақыш қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)
instagram/@anel.sakysh

Үш нокдаун – толық үстемдік

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әнел 1/16 финалда Германия өкілі Татьяна Обермайермен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің екінші және үшінші раундтарында қарсыласы үш рет нокдаунға түсті. Осылайша қазақстандық боксшы бұл кездесуде ешқандай күмән тудырмай, төрешілердің бірауызды шешімімен айқын жеңіске жетті.

“Алғашқы айқаста өзімді жақсы сезіндім. Келесі кезеңдерге де барымды саламын”, — деді Сақыш жеңістен кейін.

Әнел Сақыш – жас үміт, үлкен потенциал

Әнел Сақыш – Қазақстан боксының болашағынан зор үміт күттіретін өкілі. Ол былтыр Астанада өткен 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді. Жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс боксшы бұл жолы да туған елінде жеңіске жетіп, кубок жолындағы күресті жалғастыруда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір