
Бұл белбеу – қазақстандық файтерлер үшін алғаш рет Еуропада жеңіп алынған титул.
Қазақстандық MMA спортшысы Жалғас Жұмағұлов OKTAGON лигасында чемпиондық белбеу иеленіп, Еуропа промоушенінде жеңіске жеткен алғашқы қазақ файтері атанды.
Өткен демалыста Германияда өткен турнирде 36 жастағы Жалғас Жұмағұлов OKTAGON лигасының чемпионы Бено Адамияны (Грузия) төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленді.
Бұл — қазақстандық спортшылар тарихында тұңғыш рет Еуропаның үздік MMA лигаларының бірінде чемпион атану. OKTAGON — Еуропадағы ең ірі промоушен, әлемнің ТОП-10 лигасының қатарына кіреді.
Жеңістен кейін Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында мансабын аяқтамайтынын мәлімдеді:
«Тағы бір мақсат орындалды! Бірақ бұл тек бастамасы ғана», – деп жазды ол Instagram желісінде.
Жалғас Жұмағұлов 2020–2023 жылдар аралығында UFC-де өнер көрсетіп, әлемдік аренада ысылған. Алайда соңғы жекпе-жекте Джошуа Ваннан ұтылып, UFC-пен келісімшарты тоқтатылды.
Одан кейін: