Бүгін Сабырхан мен Оралбай шаршы алаңға шығады
1 шілде күні Астанадағы World Boxing кубогында алты қазақстандық боксшы жұдырықтасады.
olympic.kz
Күндізгі және кешкі сессиялар – тікелей эфирде
Бокс кешінің күндізгі сессиясы сағат 14:00-де, ал кешкі бөлігі 19:00-де басталады. Барлық кездесулерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі
Күндізгі сессия (14:00)
Ринг A
- Әнел Сақыш (54 кг, әйелдер) – Феруза Казакова (Өзбекстан)
Ринг B
- Махмұт Сабырхан (55 кг) – Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)
Ринг A
- Нұрбек Оралбай (80 кг) – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
Кешкі сессия (19:00)
Ринг B
- Надежда Рябец (75 кг, әйелдер) – Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
- Серік Теміржанов (60 кг) – Джейкоб Кассар (Аустралия)
Ринг A
- Айбек Оралбай (90+ кг) – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet