Төрехан Сабырханның келесі мақсаты белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық талантты боксшы Төрехан Сабырхан Астанадағы әлем кубогы қатысушыларының тізімінен неге табылмағанын түсіндірді. 

Төрехан Сабырханның келесі мақсаты белгілі болды
Instagram/@boxingkazakhstan

Бапкердің шешімі заң

Сабырхан Olympic.kz сайтына берген сұхбатында: 

"Бұл жолы Абылайханның (Жүсіпов) тәжірибесі көбірек. Сондықтан жаттықтырушылар оны таңдап отыр. Әрине, бапкердің шешімі – біз үшін заң. Қазір мен осы салмақ дәрежесінде екінші нөмірлі боксшымын. Енді алда U-22 Азия чемпионаты бар. Сол жарысқа қатысуым мүмкін", – деді. 

Ал өз кезегінде Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегінде-ақ сенсациялық түрде жарыс жолынан шығып қалды. Ол қырғыз боксшысы Алмаз Орозбековтен айласын асыра алмады. 

Тарихтағы төрт дүркін чемпион

Төрехан Сабырхан — жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы. Ол әуесқойлар арасында жаңа деңгейге өтіп, бірнеше ірі жарыста топ жарды.

2025 жылы:

  • Софияда өткен" Странджа кубогын" жеңіп алды,
  • Бангкоктағы Thailand Open турнирінің чемпионы атанды.
  • Одан бөлек Төрехан кәсіпқой бокста да дебют жасап үлгерді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір