Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
01.07.2025, 22:16

Бокстан әлем кубогының 1/8 финалында шаршы алаңға көтерілген Айбек Оралбай айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)
NUR.KZ

Доминикандық қарсыласын тас-талқан етті

Қазақстандық былғары қолғап шебері 90 келіден жоғары салмақта жарыс жолына шықты. Оның қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі Хосе Агустин Трисет болатын.

Оралбай алғашқы раундтан бастап тізгінді өз қолына алды. Екінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есеп 5:0 болып аяқталды. Бұл толық үстемдікті білдіреді.

Айбек — Азияның екі дүркін чемпионы

Айта кетейік, Айбек Оралбай — Азия чемпионатының екі мәрте жеңімпазы (2022, 2024). Бұл жолғы жеңісі оны ширек финалға шығарды. Енді ол медаль үшін күресті жалғастырады. Ал Хосе Агустин Трисет турнирден жүлдесіз кетуге мәжбүр болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір