Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы кәсіпқой рингте жеңіске жетті (ВИДЕО)
Тегі қазақ, Өзбекстан құрамасының өкілі Мадияр Саидрахимов (2-0, 0 KO) кәсіби бокстағы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Жекпе-жек жайлы толық ақпарат
Сайдрахимов IBA.PRO 7 турнирі аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен жекпе-жекте бақ сынады. Оның қарсыласы – Әзербайжаннан шыққан дебютант боксшы Ахмад Мустафаев болды.
- Салмақ дәрежесі: бірінші ауыр салмақ
- Кездесу ұзақтығы: 6 раундқа жоспарланған
- Нәтиже: Саидрахымов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті
- Айрықша сәт: 5-раундта Мустафаев нокдаунға түсті
Мансаптағы жетістігі
Бұл жекпе-жек арқылы Мадияр Саидрахимов кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Ахмад Мустафаев үшін бұл – рингтегі алғашқы кездесу және алғашқы жеңіліс болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.