ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

"Қазақ Ломаченкосы" Астанада қарсыласын екінші раундта-ақ тоқтатты (ВИДЕО)

Махмұт Сабырхан World Boxing кубогында жартылай финалға жолдама алды.

"Қазақ Ломаченкосы" Астанада қарсыласын екінші раундта-ақ тоқтатты (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Мерзімінен бұрын аяқталған жекпе-жек

Махмұт Сабырхан филипииндік Аарон Джуд Бадоға қарсы алғашқы минуттардан басымдық көрсетіп, бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші құлаған сәттен кейін төреші айқасты тоқтатты. Бұл Сабырханның мерзімінен бұрынғы жеңісі.

Бұл жеңіс Махмұтты жартылай финалға шығарды, ал филиппиндік спортшы турнирді жүлдесіз аяқтады. Енді қазақстандық былғары қолғап шебері кем дегенде қола медаль иесіне айналды. 

Техникалық шеберлігі мен аяқ-қол координациясына бола жанкүйерлер оны “Қазақ Ломаченкосы” деп атап кеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?