"Шара Буллет" алғашқы жеңілісіне нүкте қойды (ВИДЕО)
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Шарабутдин Магомедов (15-1) Абу-Дабидегі UFC on ABC 9 турнирінде октагонға шықты.
Барриомен айқас
"Шара Буллет" орта салмақта канадалық файтер Марк-Андре Барриомен (17-9) кездесті. Үш раундқа жоспарланған бұл айқас ресейлік спортшының төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталды.
Бұл Магомедовтың ММА-дегі кәсіби мансабындағы 16-шы жеңісі болып тіркелді. Ал Марк-Андре Баррио өз рекордына 10-шы жеңілісті жазды.
Бұған дейінгі жекпе-жек
Айта кетейік, Магомедов соңғы кездесуінде британиялық файтер Майкл Пейджден (23-3) жеңіліп, өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тапқан еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.