
Абу-Дабидегі айқаста перуандық Хосе Очоаны жеңген "Зульфикарға" MMA сарапшысы Рамазан Темировпен жекпе-жек өткізуді ұсынды.
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін белгілі болды. Бұл туралы MMA сарапшысы Адам Гиллен хабарлады.
26 шілде күні Абу-Дабиде өткен UFC турнирінде Асу Алмабаев үш раундтық жекпе-жекте перуандық Хосе Очоаны төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңді. Бұл жеңіс Асу үшін Манел Капеден алған ауыр жеңілістен кейінгі қайта оралу айқасы болды.
Адам Гилленнің пікірінше, келесі қарсылас ретінде өзбекстандық Рамазан Темиров ең қисынды таңдау болмақ. Айта кетейік, Асу Алмабаев бастапқыда дәл осы Темировпен кездесуі керек болған, алайда Темиров жекпе-жек алдында допинг сынағынан өте алмады.
«Темиров тыйым салынған препаратты әдейі қабылдамағаны айтылып жатыр. Соған қарамастан, бұл жағдай көптеген пікірталас тудырды. Промоушен болашақта бұл жекпе-жекті қайта ұйымдастырады деп үміттенемін», – деп жазды шолушы.