
Төрт салмақта әлем чемпионы атанған Алехандра Оливерас 47 жасында өмірден озды. Аргентиналық боксшы бірнеше апта бойы инсульт диагнозымен ауруханада жатты.
Аргентинадан шыққан әйелдер боксының жұлдызы Алехандра Оливерас 47 жасында өмірден озды. Ол кәсіпқой мансабында төрт түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған. Марқұм боксшының қазасы 28 шілде күні расталды.
Аргентиналық БАҚ-тың мәліметінше, Оливерас Санта-Фе қаласындағы ауруханаға бірнеше апта бұрын жатқызылған. Дәрігерлер оған ишемиялық инсульт диагнозын қойған болатын. Алайда спортшының жағдайы күрт нашарлап, ол 28 шілде, дүйсенбі күні қайтыс болды.
Алехандра Оливерас кәсіпқой рингте әйелдер боксының аңызына айналған. Ол:
Осылайша, төрт салмақта чемпион атанған сирек боксшылардың бірі ретінде тарихта қалды.