Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қуат Хамитов октагонға қайта оралатынын мәлімдеді: Қолында төрт ұсыныс бар

Сарапшы, спорт журналисі
02.08.2025, 00:20

Танымал қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов жақын уақытта октагонға қайта шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қуат Хамитов октагонға қайта оралатынын мәлімдеді: Қолында төрт ұсыныс бар
ulyssport.kz

Аты шулы файтердің үлкен спортқа оралуы

Instagram парақшасында жарияланған жазбасында Қуат Хамитов бірнеше ұсыныс алғанын және белсенді жекпе-жектерге дайын екенін атап өтті.

"Екі айда төрт рет жекпе-жекке шығу керек екенін түсінгендегі түрім. 

Қазір қолымда қыркүйек-қараша айларына арналған төрт жақсы ұсыныс бар", – деп жазды Хамитов.

Соңғы жекпе-жек: бокс ережесіндегі дебют және жеңіс

Қуат Хамитовтың соңғы кездесуі 2024 жылдың қыркүйек айында өтті. Бұл жолы ол ММА емес, бокс ережесі бойынша жұдырықтасып, қарсыласы — Нұрберген Шәріповпен алты раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек Хамитовтың бокс ережелеріндегі алғашқы дебюті болды. Жекпе-жек нәтижесінде Қуат WBC Allstars арнайы белбеуін иеленді.

ММА-дағы соңғы нәтиже — Александр Шлеменкодан жеңіліс

Бұған дейін, 2024 жылдың мамыр айында Қуат ресейлік танымал ардагер Александр Шлеменкомен (66-15-1) кездескен. Алайда бұл жолы қазақстандық спортшы төрегілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір