Ризабек Айтмұхан да бар: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда аттанады
13–21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл дода – 2025 жылғы маусымның ең басты бәсекесі саналады.
sportarena.kz
Қазақстан құрамасының тізімі
Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Мадияр Құрмысов бастаған жаттықтырушылар штабы әлем біріншілігіне қатысатын балуандардың толық тізімін бекітті.
Қазақстанның еркін күрестен құрама сапы:
- Әділет Әлмұхамедов – 57 кг
- Асылжан Есенгелді – 61 кг
- Начын Куулар – 65 кг
- Нұрқожа Қайпанов – 70 кг
- Әлібек Әбілқасым – 74 кг
- Болат Сақаев – 79 кг
- Азамат Дәулетбеков – 86 кг
- Камиль Құруглиев – 92 кг
- Ризабек Айтмұхан – 97 кг
- Әлішер Ерғали – 125 кг
Дайындық кезеңдері
Қазір қазақстандық еркін күрес шеберлері алғашқы оқу-жаттығу жиынын Грузияда өткізіп жатыр. Ал жарыс алдындағы соңғы дайындық кезеңі елде өтпек.
Әйелдер күресі мен грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасының тізімі кейінірек жарияланады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet