
Өзбекстандық ММА шебері Нурсултон Рузибоевтың америкалық Брайан Баттлға қарсы жекпе-жегі UFC 319 басталуына бір күн қалғанда өтпейтін болды.
Чикагода өтетін UFC 319 турнирінің кардында жоспарланған бұл айқас салмақ өлшеу рәсімінен кейін күн тәртібінен алынды.
Брайан Баттл 190 фунт (шамамен 86,2 кг) тіркеді – бұл орта салмақ лимитінен 5 фунт артық. Ал Рузибоев 186 фунт көрсетіп, титулдық емес жекпе-жектерге рұқсат етілген шекте қалды.
Алғашында жекпе-жек өтеді. Бірақ Баттл өз қаламақысының 30%-ын қарсыласына өтейді деген ақпарат тарады. Алайда кейін UFC ресми түрде айқастың тоқтатылғанын хабарлады.
Өзбек спортшысы бұл жағдайға Instagram-stories арқылы пікір білдірді:
"Көп сөз сөйлегенше, алдымен салмақты дұрыс жасауды үйрен. Бұл – кәсіби спорт, блонди", – деп жазды Рузибоев шошқа эмодзисін қоса.
Еске салайық, турнир алдындағы салтанатты салмақ өлшеуде барлық қатысушылар, соның ішінде қазақстандық Әліби Ыдырыс те соңғы көз арбасу рәсімін өткізген еді. UFC 319 Чикагода, 16-17 тамызға қараған түні өтеді.