
UFC Fight Night 257 турнирі аясындағы жекпе-жек ертең Қытай елінде өтеді.
23 тамыз күні Қытайдың Шанхай қаласында өтетін UFC Fight Night 257 турнирінде Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары октагонда жолығады.
Жартылай ауыр салмақта қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-1) қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасады. Бұл айқас турнирдің ашылу жекпе-жегі болады.
Жекпе-жек қарсаңында екі спортшы дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Нұрғожай мен Сатыбалдиев халық алдында бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өз елдерінің ұлттық тулары арқылы қолдау көрсетті. Осы сәттің видеосын ұйымдастырушылар ресми жариялады.
Салмақ өлшеу кезінде Дияр Нұрғожайдың салмағы 92,98 кг, ал қарсыласы Уран Сатыбалдиевтің көрсеткіші 92,53 кг болды. Екі спортшы да жартылай ауыр салмақ лимитіне сәйкес келді.
UFC Fight Night 257 турнирі 23 тамызда өтеді.