Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
21.08.2025, 19:37

Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында U20 әлем чемпионаты өтіп жатыр.

sportarena.kz
sportarena.kz

Сейітқалиевтің жолы

82 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық Диас Сейітқалиев жарысты іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы белдесуде ол Грекия өкілі Эммануил Николаидисті 12:4 есебімен тізе бүктірді.

1/8 финалда хорватиялық Михаэл Лукашты 3:1 есебімен жеңді. Кейін ширек финалда Үндістан спортшысы Принцпен кездесіп, айқын басымдықпен – 9:0 есебімен ұтты.

Жапониялық балуанға қарсы жартылай финал

Жартылай финалда Сейітқалиевтің қарсыласы жапониялық Тайзо Йошида болды. Қазақстандық балуан тағы да сенімді өнер көрсетіп, белдесуді 9:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқтады.

Жас чемпионның жетістігі

Айта кетейік, Диас Сейітқалиев осыған дейін U20 жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанған. Енді ол әлем чемпионатының финалында алтын жүлде үшін күреседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір