ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Дияр Нұрғожай – Уран Сатыбалдиев жекпе-жегі UFC Shanghai турнирінде қашан өтеді?

23 тамыз күні Қытайдың Шанхайда өтетін UFC Fight Night 257 турнирінде қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-1) мен қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (8-1) октагонға шығады.

Дияр Нұрғожай – Уран Сатыбалдиев жекпе-жегі UFC Shanghai турнирінде қашан өтеді?
sportilinet.kz

Жекпе-жек қашан басталады?

Жартылай ауыр салмақта (93 кг дейін) өтетін айқас турнирдің ашылу жекпе-жегі болады. Ол Астана уақытымен шамамен сағат 12:00-де басталады.

Нұрғожайдың соңғы жекпе-жегі

Қазақстандық файтер соңғы рет октагонға наурыз айында шықты. Ол UFC Fight Night 254 турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейромен кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіліп қалды.

Сатыбалдиевтің соңғы айқасы

Қырғызстан өкілі сәуір айында UFC on ESPN 65 турнирінде словакиялық Мартин Будайға қарсы жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілісті мойындады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.