Қазақстандық тәжірибелі файтер Жұман Жұмабеков кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін өткізді.
35 жастағы файтер Алматыдағы Naiza 76 турнирінде бразилиялық Бруно Роверсоға (19-12) қарсы шықты. Жекпе-жек жеңіл салмақта (bantamweight) жоспарланған үш раунд бойы өтіп, толық созылды.
Соңында төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, жеңісті Жұмабековке берді. Осылайша ол мансабын жеңіспен аяқтап, жанкүйерлеріне есте қаларлық сәт сыйлады.
Бұл жекпе-жек Жұмабековтің кәсіби аренасында 15-ші жеңісі болды. Ал қарсыласы Роверсо үшін бұл кездесуде 13-ші жеңіліс тіркелді.
Жұман Жұмабеков он жылдан астам уақыт бойы кәсіби ММА-да бақ сынады. Оның дебюттік айқасы 2014 жылдың 13 желтоқсанында өткен. Осы уақыт ішінде қазақстандық ММА тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған спортшылардың бірі атанды.